Экономика • 20 Ақпан, 2025

Қазақстанның экономикалық моделіне реформа керек - сарапшы

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскурякова Алматыдағы Women in Business-2025 форумында әлемдік экономикадағы жаһандық өзгерістер өңір елдеріне мүмкіндіктер туғызатынын,  бұл үшін  бірқатар жүйелі проблемаларды шешу қажеттігін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанның экономикалық моделіне реформа керек - сарапшы

Проскурякованың айтуынша, Орталық Азия елдері арасындағы сауда көлемі небәрі 3% -ды құрайды.

«Қазір сауда ағындары өзгеріп жатқанда, бұл өңірдегі байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді. Алайда инфрақұрылымды жаңғырту ғана жеткіліксіз. Сондай-ақ шекарадан өтуді жеделдету, электрондық жүйелерді енгізу, тарифтік кедергілерді төмендету маңызды» деді ол.

Татьяна Проскурякова айтып өткендей, экономикалық өсуді тежейтін негізгі факторлардың бірі инфрақұрылым. Тек Қазақстан емес Орталық Азияда бұл сегмент ескіре бастады.

Бюджет тапшылығы, инвестициялардың төмендеуі, жоғары базалық мөлшерлеме және шикізат ресурстарына тәуелділік түйінді проблемалар болып қалып отыр.

Проскурякова Орталық Азия еңбек өнімділігі және ресурстарды, оның ішінде суды ұтымды пайдалану бойынша әлемдегі соңғы орындардың бірін иеленетінін атап өтті.

«Қазір өңір негізінен шикізат пен жұмыс күшін экспорттайды. Қазақстан Орталық Азияның басқа елдері сияқты өнімнің қосымша құнын жасау үшін қайта өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету секторына инвестиция салуы қажет» дейді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03