Аймақтар • 25 Ақпан, 2025

Мәдени астанаға тарту

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Ақтау қаласы – түркі әлемінің мәдени астанасы болып танылғалы алдағы іс-шара­ларға дайындық жұмыс­тары қызу жүріп жатыр. Осы орай­да, Ақтау қаласы әкімдігінің қол­дауы­мен «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы-2025» жобасы аясында қалалық Абай­ атындағы мәдениет сарайына ­2 автобус пен 1 «Га­зель» автокөлігі табысталды.

Мәдени астанаға тарту

Ұзын саны 39 шығармашылық ұжымы бар мәдениет үйі гас­трольдік сапарларға жиі шығатыны белгілі. Сондай-ақ ауқымды шара кезінде әртістерді тасу үшін көліктердің қажет екені анық. Жаңа автобус әртістердің алыс-жақын жол жүрулері үшін қолайлы болса, сол сияқты костюмдерін, реквизиттерін, декорацияларын тасымалдауды айтарлықтай жеңілдетеді. Маңғыстау облысы және Ақтау қаласы әкімдерінің қолдауымен Түркі әлемінің мәдени астанасы шеңберінде мәдени ошаққа 47 орынға арналған «Daewoo» маркалы қос заманауи автобус пен «Газель» автокөлігі берілгені – ұжым жұмысына серпін сыйлары сөзсіз.

– Бізде бүгін үлкен мереке. Өйткені облыс және қала әкімдігі 2 бірдей автобус пен «Газель» сыйлады. Бұл – біздер үшін үлкен көмек, – деді Қазақстанның халық әртісі Гүлжан Талпақова.

Абай атындағы мәдениет сарайының ұжымы заманауи үлгідегі автобустарға алғаш рет қол жеткізіп отыр. Өнер иелері мұндай тосын сыйға таңданысын жасырмады. «Биыл Ақтау Түркі әлемінің астанасы болып бел­гіленді. Қаланың мәртебесі өскені әуелі мәдени ошақтан бас­талғаны да қуаныш сыйлап отыр», деді мәде­ниет сарайының көркемдік жетекшісі Құдайберген Ахметов.

 

Маңғыстау облысы