Технология • 26 Ақпан, 2025

Сот шешімдері ЖИ көмегімен орындалады

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында сот шешімдері негізінде мәжбүрлеп орындау институтын жетілдіруге бағытталған бірқатар инновациялық шешімдер талқыланып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Сот шешімдері ЖИ көмегімен орындалады

Фото: Жоғарғы сот

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «Цифрлық ассистент» енгізе отырып, «Өндіріп алушы мен борышкердің жеке кабинеті» пысықталатынын айтты. 

Бұл құрал пайдаланушыларға сот шешімдерінің орындалуының барлық кезеңін бақылауға мүмкіндік береді. Өндіріп алушылар мен борышкерлер сот орындаушысының қандай әрекеттерді орындағанын, сондай-ақ болашақта не істеу керек екенін көре алады.

«Пайдаланушылар сот орындаушысының әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты  әрекет етеді. Сондай-ақ ұсыну мерзімі өтуіне байланысты кері қайтарылған атқарушылық құжаттар бойынша мүлікке салынған тыйымды, республикадан шығуға уақытша шектеуді, борышкерлер тізілімінен шығаруды уақытылы шешпеу мәселесін автоматтандыру арқылы шешуге мүмкіндік береді», деді Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев.

Елімізде зияткерлік меншікпен тиімді жұмыс істеу үшін де цифрлық платформа әзірленеді. Авторлар мен өзге де құқық иелері өз туындыларын пайдаланудың барлық кезеңін онлайн-форматта бақылайды. Бұл қатарда шарттардың қалай жасалатынын, сыйақыларды жинақтау және бөлу, сондай-ақ төлемдерді қадағалау бөлімдері бар. Цифрлық платформа авторлық мазмұнды жасайтындар үшін ашық әрі ыңғайлы болмақ. Осы арқылы олардың мүддесін тиімді қорғау көзделген.