Шахмат • 05 Наурыз, 2025

Бибісараның жолы болмады

35 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Монакода шахматтан әлемдік Гран-при додасының үшінші кезеңі мәреге жетті. Өкінішке қарай, бұл жарыста еліміздің ең үздік ойыншысы Бибісара Асаубаеваға сәттілік серік болмады.

Бибісараның жолы болмады

Блицтен екі дүркін әлем чемпионы, рапидтен әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Азия чемпионы деген атағы бар қазақ қызы турнир барысында бірде-бір рет жеңіске жете алмады. Монакода Бибісара тоғыз кездесудің үшеуінде ұтылып, алты рет тең түсті. Нәтижесінде, небәрі 3 ұпай жиған ол ең соңғы 10-орында қалып қойды. Бұл жарыста Александра Горячкинаның бағы жанды. ФИДЕ-нің туы астында өнер көрсеткен 26 жастағы Ресейдің өкілі 5,5 ұпай жиып, бас жүлдені олжалады. Дәл сондай нәтиже көрсеткен үндістандық Хампу Конеру мен моңғолиялық Батхуяг Мунгунтуул екінші, үшінші орынды өзара бөлісті.

Осыған дейінгі екі кезең­нің қорытындысы бойынша Б.Асау­баева жарыс кестесінде көш ­бас­тап тұрған еді. Қоржынын­да 197,5 ұпайы бар ол екінші орынға сырғып түсті. Көш басына А.Горячкина шықты. Орынбор облысының тумасы 236,67 ұпайды еншіледі. Үздік үш­тікті қытайлық Тань Чжунъи (170 ұпай) түйіндеп тұр. Әлемдік Гран-при додасының төртінші кезеңі 14–25 наурыз аралығында Кипрде өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше