Спорт • 06 Наурыз, 2025

Жарыс күнделігі

45 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Софияда аяқталған «Bulgaria Open» халықаралық тур­нирін еліміздің таэквондошылар құрамасы 14 медальмен қорытындылады. Бас жүлдені Мақсат Орынбасар (74 кг) олжаласа, Нодира Ахмедова (49 кг), Әзірет Дүйсенбек (54 кг), Бектөре Оралханов (58 кг), Батырхан Төлеуғали (80 кг), Нұрлан Мырзабаев (87 кг) күміспен күптелді. Нұрай Бауыржанова (49 кг), Айдана Сүндетбай (53 кг), Артур Серік (54 кг), Нұрай Қазынабек (57 кг), Кәмила Аймұқашева (62 кг), Аманбол Бегімбетов (63 кг), Дамир Шүленов (68 кг), Мерген Ғаниев (80 кг) қолаға қол жеткізді.

Жарыс күнделігі
  • Футзалдан еліміздің құрамасы 7 наурызда Астанада «Еуро-2026» додасының іріктеу турнирі аясында Албанияға қарсы ойнайды. Арада бес күн өткеннен кейін Ереванда Армениямен шеберлік байқасады. Алдағы матчтарда команданың бас бапкері Пауло Рикардо Кака мына жігіттерге сенім артып отыр: Қақпашылар – Рауан Атантаев («Семей»), Нарун Серіков («Қайрат»), Рауан Сисенғалиев («Аят»). Қапталдағы ойыншылар – Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Арнольд Кнауб, Жаһангир Рәшит, Дамир Қайырбай («Қайрат»), Шыңғыс Есенаманов, Ақжол Дәрібай, Ержан Қарменов («Семей»), Лео Мендонка (РФШ, Латвия), Азат Валиуллин («Аят»), Асхат Күлбаев («Ақтөбе»), Нұрсұлтан Пиялы («Ордабасы»), Александр Дерябин («Тюмень», Ресей).
  • Шорт-тректен Канаданың Калгариінде өткен жастар арасындағы әлем біріншілі­гін еліміздің құрамасы төрт жүлдемен қорытындылады. 1000 метрге жүгірген Алина Әжіғалиева қола медальды мойнында жарқыратса, тағы бір күміс пен қос қоланы жер­лестеріміз эстафеталық сайыс­та жеңіп алды.
  • Францияның Канн қаласында шахматтан Festival International des Jeux 2025 турнирі өз мәресіне жетті. 147 қатысушының қатарында 8 гроссмейстер (GM, WGM), 21 халықаралық шебер (IM) болды. Жарыста Қазыбек Нөгербек сәтті өнер көрсетті. 9 партиядан соң 7 ұпай жинап, қола медальды иеленді.
  • 17-25 мамыр аралығында Қатардың астанасы – Дохада үстел теннисінен әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Дүбірлі додада қазақ елі намысын Кирилл Герасименко (жеке сайыс), Айдос Кенжеғұлов/Санжар Жұбанов (жұптық сайыс), Сарвиноз Мірқадырова/Зәуреш Ақашева (жұптық сайыс), Владислав Захаров/Бақдәулет Әкімәлі (жұптық сайыс), Ескендір Харки/Ангелина Романовская (микст) қорғайды.
Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше