Спорт • 07 Наурыз, 2025

Жарыс күнделігі

53 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

25-30 наурызда АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Байрақты бәсекеде еліміздің намысын Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина қорғайды. 20 жастағы алматылық Шайдоровтың жас­тар арасындағы әлем чемпионатының күміс, Азия ойындарының қола жүлдегері, «Төрт құрлық біріншілігінің» жеңімпазы деген атағы бар. 18 жастағы Мәскеудің тумасы Самоделкина биыл Дүниежүзілік студенттер ойынында қола медаль иеленді.

Жарыс күнделігі
  • Ертең Аустрияның Линцінде шымылдығы түрілетін Гран-при тур­ни­рінде еліміздің 14 дзю­дошысы күреседі. Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүл­дегері Әбиба Әбу­жа­қынова (48 кг), құр­лық чемпионы Данияр Шамшаев (73 кг), Азия ойын­дарының қола жүлдегері Нұрлыхан Шархан (100 кг) сынды та­нымал саңлақтармен бірге Толғанай Әбеуова (52 кг), Дана Әбдірова (57 кг), Самалай Ерғалиева (63 кг), Ақерке Рамазанова (+78 кг), Талғат Орынбасар (60 кг), Нұрмұхаммед Ботабай (66 кг), Қуан Барыс (73 кг), Мәди Амангелді (81 кг), Азат Күмісбай (81 кг), Мейірлан Максим (90 кг), Жантілек Нұртілепұлы (+100 кг) татамиге шығады.
  • 7 наурызда Грекияның Гераклион шаһарында семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңдік сайысы басталады. Ежелгі Эллада елінде Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик, Диляра Исабекова сынды спортшыларға сенім артылып отыр.
  • АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін халықаралық турнирде еліміздің бірнеше теннисшісі өнер көрсетеді. Алғашқы айналымда Александр Бублик (АТР №82) жапониялық Юсуке Ватунакимен (349), Александр Шевченко (АТР №98) аустралиялық Ринки Хиджикатамен (83) күш сынасады. Елена Рыбакина (WTA №7) мен Юлия Путинцева (№20) жарысты екінші кезеңнен бастайды. Юлия аргентиналық Мария Карле (103) мен чехиялық Катерина Синякова (59), Елена Чехияның тағы бір өкілі Мари Боузкова (50) мен франциялық Сюзан Ламменс (64) арасындағы кездесудің жеңімпазымен шеберлік байқасады.
  • Футболдан еліміздің премьер-лигасының І турының қорытындысы бойынша Түркістанның «Тұран» клубы сапындағы өзбекстандық легионер Шахбоз Умаров ең үздік ойыншы деп танылды. Көкшетаудың «Оқжетпесіне» қарсы кездесуде 25 жастағы жартылай қорғаушы бір гол соғып, бір рет нәтижелі пас берді. 8-9 наурыз күндері өтетін екінші турда мына командалар өзара күш сынасады: «Оқжетпес» – «Атырау», «Жетісу» – «Ұлытау», «Жеңіс» – «Тобыл» , «Қайрат» – «Ордабасы», Ақтөбе» – «Тұран», «Елімай» – «Қайсар», «Қызылжар» – «Астана». 
Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше