Ауа райы • 11 Наурыз, 2025

Екі облыс аумағында көлік қозғалысына шектеу қойылды

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұндай шұғыл мағлұмат «ҚазАвтоЖол»-дан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Екі облыс аумағында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: Azattyq Rýhy

Бүгінгі сағат 09:40-та ауа райының нашарлауына байланысты «Ақшатау- Ақадыр-Ортау»-«Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» республикалық автожолының 2 облыс аумағындағы 2 учаскесінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Қарағанды облысы аумағы бойынша аталған жолдың 0-180 шақырым аралығы (Ақшатау ауылы – Ұлытау облысының шекарасы), ал Ұлытау облысы аумағы бойынша 180-195 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы – Ақадыр ауылы).

Жолды 11 наурызда, яғни, бүгін сағат 18:00 ашу жоспарланған.