Байқау • 12 Наурыз, 2025

Көне аспапқа құрмет

48 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Көп ішекті көне аспапты кеңірек насихаттауды мақсат тұтқан іс-шараны өңірде бірінші болып Федоров ауданы қолға алып отыр. Байқауға 10 ауданның жетігеншілері қатысып, бесеуі жүлделі орынға ие болды.

Көне аспапқа құрмет

«Жетігеншілер байқауы балалар арасында жиі болып жүр, бірақ ересек орындаушылар арасында республика көлемінде бірінші болып өткізіп жатырмыз. Аудан әкімдігі жүлде қорына 1 млн теңге қаржы бөлді. Білуімше, көне аспап ХІХ ғасырдың ортасына дейін жеткен. Одан кейін қолданыстан шығып қалған. Еліміз тәуелсіздік алған тұста этнографтардың айтуымен жетілдірілген түрі қайта жасалып, үлкен сахналардан көріне бастады. Біздің ауданның тұрғындары жетіген үнін алғаш рет 2020 жылы естіді. Аудан әкімінің қолдауымен жергілікті үш өнерпазымыз Алматыға барып, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияда Нұргүл Жақыпбектен тәлім алды», дейді Федоров аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Данияр Сәрсенбетов.

Байқау аясында Алматы қаласынан қазылар алқасының төрайымы ретінде арнайы шақыртылған кәсіби маман Нұргүл Жақыпбек өңір орындаушыларына жетігеннің көне бұрау әдістерінен шеберлік сағатын өткізді.

ап

«Жетігеннің сазды әуені тыңдау­шының жүрегін бірден баурап алатын себебі – бұл аспап ұлттық жадымызда қалғып жатқан ескі әуендерді оятады, халықтың бай тарихынан сыр шертеді. Байқауға қатысқан үміткерлердің бәрі шет өңірде жетігенді насихаттап, дә­ріп­теп жүрген санаулы өнерпаздардың қатарынан», дейді Нұргүл Жақыпбек.

Сайыс қорытындысында өнерпаздар байқауының бас жүлдесін Федоров аудандық мәдениет үйінің қызметкері, бесаспап өнерпаз Фариза Жоламанова жеңіп алды. Ал Меңдіқара ауданынан келген Гүлжан Нұрмұхамбетова бірінші орыннан көрінді. Сарыкөл ауданының өкілі Рысжан Біржанқызы мен Алтынсарин ауданының өнерпазы Алтынай Төлеген екінші, үшінші орындарды өзара бөліссе, Федоров ауданынан қатысқан Динара Мырзахметова облыстық көркемөнерпаздар орталы­ғының арнайы сыйлығына ие болды.

Ұйымдастырушылар келесі жылы жетігеншілердің республикалық бай­қауын ұйымдастыруды көздеп отыр.

 

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15