Бокс • 13 Наурыз, 2025

Қыздардың қарқыны қуантады

43 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сербияның Ниш қаласын­да бокстан әйелдер ара­сындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Елдос Сей­далин жетекшілік ете­­­­­тін еліміздің құрама­сы атал­ған жарыста бар­­лық 12 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Қыздардың қарқыны қуантады

Алғашқы күні Алуа Балқыбекова (50 кг) кениялық Вероника Мбите Нзивамен күш сынасты. Бұл бәсекеде біздің бокс­шының басымдығы айқын байқалды. Үшінші раундта ол қарсыласын нокдаунға жіберді. Елдана Тәліпова (+81 кг) өзбекстандық Ол­тин Сотимбаеваға сан соқ­тыр­ды. Ширек финалда Ел­дана былтыр құрлық бірін­шілігінде үздік үштікті түйіндеген сер­биялық Сара Миль­ковичпен күш сынасады.

Екінші күнгі сайыста алғашқы болып рингке көтерілген Анита Әдішева (52 кг) мексикалық Патино Хуарезден жеңілді. Жай­на Шекербекованың (54 кг) қар­сыласы боливиялық Бе­ке­ра Монтесинос жекпе-жекке шығудан бас тартты.

Жарыстың үшінші күні бес бірдей жерлесіміз жарыс көрігін қыздырып, төртеуі жеңіске жетті. Алуа Балқыбекованың (50 кг) әлем чемпионатының қола жүлдегері, Африканың үш дүркін чемпионы, марокколық Ясмин Мутакиден мерейі үстем болды. Виктория Графеева (60 кг) грекиялық София Легакиге сан соқтырды. Аида Әбікеева (63 кг) қытайлық Шуою Чжады қапы қалдырды. Жасмин Кизатова (66 кг) Кабо-Верденің өкілі Ивануса Морейраның осал тұсын оңай тапты. Жайна Шекербекова (54 кг) Мексиканың мықтысы Ариадна Жанет Хиль Алонсоның тас-талқанын шы­ғарды. Тек Гүлсая Ержан (81 кг) Қытай елі­нің тағы бір боксшысы Ван Сяоға есе жіберді.

Кеше Назым Қызайбай (48 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Наталья Богданова (70 кг), ­На­дежда Рябец (75 кг) шаршы алаңға шықты. Бүгін Елдана Тәліпованың (+81 кг) өнерін ­тамашалаймыз.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше