Оқиға • 19 Наурыз, 2025

Жыл басынан бері 664 қару тәркіленді

45 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі заңсыз айналымнан қаруды, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты табу және тәркілеу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Жыл басынан бері 664 қару тәркіленді

Фото: polisia.kz

Жыл басынан бері полиция 664 қару, 54 граната және 8 мыңға жуық оқ-дәрі тәркілеген.

Жалпы қабылданған шаралардың арқасында соңғы үш жылда 8 541 түрлі қару, сондай-ақ 870 граната мен 118 246 оқ-дәрі табылған. Сонымен қатар жедел іс-шаралар барысында еліміздің әртүрлі өңірінде 2 316 қару сақталған 772  орын анықталған. Бүгінгі таңда 1 263 қарудың қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны белгілі болды. 

«Тәркіленген қалған 7 278 қарудың тіркеу нөмірлерін қаскөйлер қасақана жойған. Осыған байланысты олар бойынша қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі», деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар