Аймақтар • 21 Наурыз, 2025

Ақмола облысында жағдай жіті бақылауда

140 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақмола облысында көктемгі су тасқынының қарқыны басталды, бірақ бұл жағдай  жергілікті құзырлы органдар  үшін тосын сый емес. Олар жедел әрекет етуді бастады. Тасқын судың алдын алу үшін техника бірліктері толық қуатында жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында жағдай жіті бақылауда

Мамандардың бағалауынша, биылғы су тасқыны кезеңі ауа райының күрделілігіне қарамастан, тұрақты өтіп жатыр.

Күннің күрт жылынуы қардың еруін жеделдетіп, Есіл, Жабай және Нұра өзендерінде мұз қабатының әлсіреуіне әкелді, бұл қар суының ағуын күшейтті.Елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылданып жатыр. Қазірдің өзінде үш миллион текше метрден астам қар шығарылып, 300 мың текше метр еріген су сорылды. Тұрғын үйлерді қорғау мақсатында 25 мың қап инертті материал төселді. Сондай-ақ, өзендердегі мұз кептелісінің алдын алу үшін 25 мың шаршы метр аумақта жару жұмыстары жүргізілді. Бұл су ағысының еркін қозғалуына және мұз бөгеттерінің пайда болу қаупін азайтуға көмектеседі.

Су тасқыны

Көктемгі еріген қар суының деңгейі көтерілуі автожолдарға да әсер етті. Алайда, биылғы су тасқыны елді мекендерге қауіп төндірмейді. Су деңгейі төмендегеннен кейін қалпына келтіру жұмыстары дереу жүргізілуде. Мысалы, Щучинск – Степняк – Уәлиханов тас жолындағы қозғалыс қысқа мерзімде қалпына келтірілді.
«Қазгидромет» мәліметінше, су тасқынының белсенді кезеңі 24 наурыздан кейін басталады.

Осыған байланысты облыстағы барлық күштер мен техника күшейтілген режимге ауыстырылды. Құтқару шараларына Астана, Қарағанды және Алматы облыстарынан келген ТЖМ бөлімшелері мен Ақмола облысының аумақтық қорғаныс қызметкерлері жұмылдырылды.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар ауа райы жағдайына және болжамдарға сәйкес уақытылы түзетіліп отырады. Жағдай өңірлік биліктің ерекше бақылауында.

 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025