
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, өнерден ләззат алу күйзелісті азайтып, адамның ішкі ахуалын жақсартады. Швейцарияның Невшатель қаласындағы дәрігерлер науқастарға дәрі-дәрмек орнына музейге бару жөнінде рецепт жазып береді. Бұл – психикалық және физикалық саулықты жақсартуға бағытталған қанатқақты жоба. Науқастар қаладағы кез келген төрт музейге тегін кіре алады. Егер бұл тәжірибе сәтті болса, жергілікті билік театр мен би сабақтары сияқты басқа да мәдени іс-шараларды рецептке енгізуді жоспарлап отыр.