Шымкент • 08 Сәуір, 2025

Жастарды жарылқайтын бағдарлама

110 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Елімізде жастарды баспанамен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе 2019 жылы 5 жылға сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлер үлкен көмек болды. Соның арқасында жастар өздерінің келешектегі жеке баспанасына қаражат жинауға мүмкіндік алды.

Жастарды жарылқайтын бағдарлама

Сурет: dauletten.kz

Бағдарлама республиканың үш мегаполисі Астана, Алматы, Шымкент қалаларына арналып қабылданған еді. Биыл осыдан ­бес жыл бұрын жалдамалы пәтер­ге қоныстанған азаматтар­дың пәтерді қайта мемлекетке тапсыратын уақыты келді. Енді бұл жастардың мәселесі әрі қарай қалай шешіледі? Мемле­кеттен осы секілді тағы басқа қолдау бола ма? Мәселенің мән-жайын білмек ниетпен Шы­м­кент қалалық тұрғын үй бас­қар­масына хабарласқан едік.

Басқарма мамандарының бер­ген мәліметіне сүйенсек, 2019–­2020 жылдары жұмыс ­іс­тей­тін жастарға сатып алу ­құ­­­қы­­ғын­сыз жалға берілген тұр­­ғын­ үйлердің мерзімі 2025 ­жылғы­ 6 қаңтарда аяқтал­ды. Осы күн­ге дейін бағдарлама аясында мегаполисте 2949 от­басы қоныс­та­­­нып келіпті. Биыл наурыз айын­­да қосымша тағы 900 азаматқа үй берілген. Де­ген­мен бағдар­ла­­­ма­ға біраз өз­ге­ріс енгізіліп, 2023 жылдан бас­тап жал­­ға алу мерзімі 5 жыл­дан 3 жыл­ға қысқарған екен.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, бүгінде бұл мәселе Үкіметте қаралып, азаматтарды баспанамен қамтуға қажет қаражат жергілікті бюджет есебінен қарастырылатын болыпты. Бұл ретте «Qamqor» деп аталатын өңірлік бағдарлама шеңберінде «Отбасы банк» АҚ қаржы операторы ретінде қызметке кірісіп отыр. Яғни жалдамалы пәтерін мемлекетке тапсырған жастар осы қаржы институты арқылы ипотекалық несие рә­сімдеп, өзі қалаған баспанаға қол жеткізе алады. «Qamqor» бағдарламасымен үй алуға ниетті жастар бірінші кезекте өздерінің төлем қабілеттерін растауы тиіс. Бағдарлама шартында 5% жылдық сыйақы мөлшерлемесі, 10% алғашқы жарна, 20 жылға дейінгі мерзім қарастырылған. Шымкент қаласындағы «Отбасы банк» өкілі Нұрсұлтан Әбдіханов­тың мәлімдеуінше, бүгінде жас­тардың төлем қабілеттерін растау жұмыстары басталып кетті. Ипотекалық несиені төлей алатын қабілеті барын растаған жастар бағдарлама бойынша үй құнының алғашқы 10% жарнасын құюы керек. Банкке кепіл мүлік ретінде сол үйдің өзі жарай береді. Сондай-ақ банк қыз­меткерінің айтуынша 5% сыйақы мөлшерлемесі тек 20 млн теңгеге дейін қарастырылады. Үй құны одан асып кетсе үстіндегі айырманы нарық бағасымен алушы азаматтың өзі төлейді.

Қорыта айтқанда, 5 жылдық жалдамалы пәтерін мемлекетке өткізген жастар жаңа «Qamqor» бағдарламасының конкурсынан тыс төлем қабілетін растап болған соң бірінші немесе қайталама нарықтан өзі ұнатқан пәтерді ипотекалық несиемен сатып алуларына толық мүмкіндігі бар.

Қазірде «Отбасы банк» АҚ-ға мерзімі аяқталған жалдамалы пәтерде уақытша тұрып келген 891 азамат жүгініпті. Олардың ішінде 489 жас алдын ала төлем қабілетін тексеру конкурсынан өткен. Нәтижесінде, 201 аза­мат­тың өтініші мақұлданып отыр. Бұл бағдарламаға қатысу­ға ниет білдірген жастар жалпы санының 22,2%-ына тең. Тұрғын үй басқармасы маман­дары мәлімдегендей, сатып алу құқығынсыз берілетін уақыт­ша жалдамалы пәтер алу бағ­дар­ламасы биылдан бастап тоқтатылыпты.

Шымкент – жастардың қа­ла­сы. Қаншама жастың арман-мұраты – баспаналы болу. Сол тұрғыда олардың бар тілегі – мемлекет тарапынан осындай бағдарламалардың алдағы уақытта да жалғасын таба беруі. Себебі арзан пәтер жалдап тұрған жастар соның арқасында жағдайын жақсартып, келешек өз үйіне қарекет жасап үлгереді. Жалдамалы пәтерде өмір сүретін жастардың ішінде бойдақтармен бірге отбасылы жандар да бар. Оларға қымбат бағаға пәтер жалдау қиынға соғатыны белгілі. Сондықтан уақытша жалдамалы пәтерге қоныс­тандыру бағдарламасы қазір­де жастарға үлкен көмек болып тұр. Қала тұрғыны Ислам Қуаныш 2023 жылдан бері осындай баспанада тұрып келеді. Үш баланың әкесі. Әртүрлі мемлекеттік тапсырыстар орындаумен табыс табады. Сол азамат мемлекет тарапынан жастарға арзан бағада пәтер ұсынылып, кейін сатып алу құқығымен рәсім­делсе деген өтініш-тілегін жет­кізіп отыр. Өйткені оның айтуынша, тауар да, қызмет те қым­баттап бара жатқан бүгінгі қоғам­да жастар мемлекет тарапы­нан бағасы жеңілдетілген пәтер­мен қамтылса, олардың алаң­сыз жұмыс істеп, өз қарым-қабі­лет­терін жан-жақты дамытуына да молынан мүмкіндік туады.

 

ШЫМКЕНТ