
Фото: Ашық дереккөз
Лев Тараков 1988 жылы Киевтегі жоғары әскери-теңіз саяси училищесін тәмамдаған. Еңбек жолын Солтүстік флотта офицер-саяси қызметкер ретінде бастаған.
Кейінгі жылдары баспа және бұқаралық ақпарат саласында түрлі жауапты қызметте болған. Атап айтқанда, министрлікте жетекші маман, басқарма бастығының орынбасары және бас басқарма жетекшісі қызметтерін атқарған.
Ол кәсіби еңбегі үшін «Құрмет» орденімен, сондай-ақ «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.