Шымкент • 09 Сәуір, 2025

Шымкентте алаяқтар жалған тұрғын үй сертификаттарын таратқан

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақта алаяқтар баспана алуға көмектесуге уәде беріп, тұрғын үй сертификаттарын таратқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте алаяқтар жалған тұрғын үй сертификаттарын таратқан

Шымкент қаласының әкімдігі ресми хабарламалардың тек жергілікті атқарушы органдардың және Тұрғын үй басқармасының ресми сайттары мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы таратылатындығын мәлімдеді.

Сондай-ақ, алаяқтардың жолдаған жалған құжаттамаларына немесе шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарына сенбеуге шақырды. 

Қауіпсіздік үшін: 

— Бейтаныс нөмірлерге ақша аудармау қажет,
— Жеке деректеріңізді бөгде адамдармен бөліспеңіз,
— Ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіз. Күмәнді хабарламаларға сенбеңіз.

— Өкінішке қарай, халық арасында, интернет кеңістігінде жергілікті атқарушы органдардың атынан азаматтар арасында жоғарыда көрсетілгендей жалған құжаттар таралып жатқандығы және пәтер алып беруге көмектесемін деп заңсыздыққа баратын алаяқтар көбейген. Егер осындай күмәнді жағдайға тап болсаңыздар, шұғыл құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар. Алаяқтық әрекет Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке алып келеді, яғни бас бостандығынан айыру жазасына кесілетінін ескертеміз, — делінген қала әкімдігі таратқан ақпаратта.