
Енді республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысының орташа жылдамдығы автоматты түрде бақыланып, реттелетін болады.
Орташа жылдамдық келесі жол учаскелерінде бақылауға алынған:
- Астана — Щучинск (шектеу: 140 км/сағ);
- Астана — Павлодар (шектеу: 140 км/сағ);
- Шымкент — Қызылорда (шектеу: 110 км/сағ);
- Шымкент — Тараз (шектеу: 110 км/сағ);
- Павлодар — Семей — Қалбатау (шектеу: 100-110 км/сағ);
- Орал — РФ шекарасы (Саратов) (шектеу: 100 км/сағ);
- Павлодар — РФ шекарасы (Омбы) (шектеу: 100-110 км/сағ).
«ҚазАвтоЖол» қауіпсіздік мақсатында және айыппұлдардан сақтану үшін жылдамдық шектерін сақтауды сұрайды.