Президент • 11 Сәуір, 2025

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Озық технологиялармен жабдықталған және автоматтандыру деңгейі өте жоғары кәсіпорын жылына 283 млн литрге дейін сусын шығара алады.

Мемлекет басшысы өндіріс барысымен танысқан соң, өңірдің экономикалық өсіміне серпін беретін ірі инвестициялық жобаларды қолдаудың маңызын атап өтті.