
WorldSkills Almaty-2025 чемпионатының жүлде қоры шамамен 10 миллион теңгені құрайды. 30 негізгі құзыреттілік бойынша I орынға – 150 000 теңге, II орынға – 100 000 теңге, III орынға 50 000 теңге ақшалай сыйлық беріледі. Топ жарған үздік команда келесі жылы Шанхайда өтетін халықаралық чемпионатта Қазақстанның намысын қорғайтын болады.
Бүгінде Алматыдағы 88 колледжде 85 мыңнан астам студент оқып жатыр. 22 мемлекеттік колледжде жұмысшы мамандарды даярлау толығымен қала әкімдігі есебінен қаржыландырылады.
Чемпионатқа 200-ден астам колледж студенттері қатысуда. Чемпионат техникалық және кәсіптік білімнің беделін арттыруға, сондай-ақ жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттауға бағытталған.
Алматы әкімі Ерболат Досаев қатысушылармен кездесіп, жұмыстарымен танысты. Студент жастар арасында жұмысшы мамандықтардың дамуын қолдайтынын және кейбір мамандық бойынша грант бөлу мүмкіндігін қарастырылып жатқанын атап өтті.
Сайыс инженерия және IT-ден бастап қызмет көрсету, дизайн, құрылыс және автокөлікті диагностикаға дейінгі көптеген құзыретті қамтиды.
Жарысқа қатысқан Алматы құрылыс-техникалық колледжінің студенті Дмитрий Климов «Сантехника және жылыту» құзыретінде білімі мен дағдысын көрсетті. «Бізге тапсырма берілді, мен радиатор орнатып, пешті қостым, раковина, унитаз және кәріз жүйесін орнаттым. Бұлардың бәрін бізге колледжде үйретеді. Сантехника бағытын саналы түрде таңдадым, себебі бұл сұранысқа ие әрі болашағы бар сала деп санаймын. Өз білімімді үйде де қолданамын. Бірде үйде унитаз бұзылып қалды, оны өзім жөндедім. Анам шебер шақыртудың қажеті болмағанына қуанды», - дейді ол.
Оқуын телекоммуникация саласымен ұштастырып, болашақта провайдерлік компания ашуды армандап жүрген Бота Эрденбаэр бұл салаға ерте кезден қызыққанын ацтады. Оның айтуынша, салада мамандар тапшы, ал білікті кадрларға сұраныс өте жоғары. «Көп адам осы мамандыққа қызығушылық танытса деймін. Мен еңбек нарығындағы бағамды қазірдің өзінде сезініп отырмын – бұл әлі бастамасы ғана. Колледжде оқып жүріп, бос уақытымда жүйе әкімшісі болып жұмыс істеп, ақша табамын. Болашақта IT-компаниямды ашқым келеді» деп ойымен бөлісті ол.
Байқау жұмыстарын 500-ден астам сарапшы мен жұмыс беруші бағалайды. Сарапшы, техникалық ғылымдар магистрі әрі оқытушы Таңшолпан Төлендиеваның айтуынша, студенттерге үш жыл бойы механиканың негіздерімен қатар заманауи технологиялық база үйретілген. Олар поршень сақиналарын ауыстырып, қозғалтқышты бөлшектеп-жинаумен, беріліс қорабымен жұмыс істеумен айналысады, сондай-ақ, шын автокөлікке диагностика жүргізіп, ақауларды жоя алады. Болашақ мамандар сантехникалық жабдықтарды орнатады, кабельдік желілерді тартады, электроника жобалау және жинау, мобильді қосымшалар мен графикалық дизайн жасайды, 3D-принтерде бұйымдар шығарады.
Чемпионатта шығармашылық бағытқа да ерекше көңіл бөлінген. Қатысушылар киім үлгілерін әзірлеп, витриналарды безендіріп, аспаздық тағамдар дайындап, күрделі шаштараз техникасын орындайды. Телекоммуникация және автокөліктерді техникалық қызмет көрсету саласында да кәсіби шеберлігін көрсетеді.
АЛМАТЫ