Жәдігер • 12 Сәуір, 2025

Академик таққан галстук

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 сәуір – қазақтан шыққан тұңғыш геолог, ғұлама, ал­ғаш­қы академик Қаныш
Сәтбаев­тың туған күні.

Академик таққан галстук

Жезқазған – Ұлытау өңірі­нің кен байлықтарын барлау және геологиялық талдауда Қаныш Имантайұлының еңбегі орасан зор.

Ол 1932 жылы 4800 метр терең­дік­тегі 1,5 шаршы шақырым жерде ғана 2 млн тонна мыс қорының жатқанын дәлелдеген. Барлау барысында мыстан басқа да пайдалы қазба түрлері – алтын, күміс, марганец, рений, осмий, платина барын зерттеп білген.

Ұлытау өңірінен этног­ра­фиялық мұралар жинап, «Жезқазған ауданын­дағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған.

Жезқазған қаласындағы облыстық тарихи-архео­логиялық музейде болғанда бір­­туар Қаныш­­тың да үлесі бар тау жыныстары, кен және минералдардан тұратын геологиялық  кол­­лекцияның куә­сі болдық.

Музейде Қаныш Сәт­баев­қа арналған «Қазақтың біртуар перзенті» деп атал­ған арнайы бұрышта ғұла­маның қызмет жолындағы суреттері, құн­ды құжат­­тары,  таңдау­лы еңбектері қойылған. Біздің наза­­рымызды аударған – Қаныш Сәтбаев таққан галстук болды.

1964 жылы ғалым дүние салғаннан кейін әйелі Таиса Алексеевна геолог, еңбек ардагері, Сәт­баев кентінде тұратын Нұр­манбек Сердалиновке естелікке Қаныш таққан қара-көк, ақ жолақты галс­­тугі мен 2 томдық  еңбегін табыстайды. Зейнеткер Нұрманбек Сердалинов жиырма жылдан кейін, яғни 1983 жылы галстукті музейге тапсырады.

Қаныш есімі, еңбегі мәңгі ел жадында. Бүгінгі таңда Қаныш Сәтбаев атындағы қала, жоғары оқу орындарын айтпа­­ғанда, оның есі­мімен аталатын жүздеген көше, 40-тан астам мектеп, ғалымға қойылған ескерткіштер бар.

 

Ұлытау облысы