Елорда • 15 Сәуір, 2025

LRT-ны сынақтан өткізу үшін іске қосады

0 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы бойынша жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының халықты жылумен қамтамасыз ету және LRT жобасын іске асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.

LRT-ны сынақтан өткізу үшін іске қосады

«Тұран» газ жылу стансасында Премьер-министрге нысан құрылысының екінші кезегі аяқталғаны туралы баяндалды. Бүгінде дайындық 98%-ды құрап отыр. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ГЖС жалпы қуаты сағатына 350-ден 600 Гкал-ға дейін жеткізілді – бүгінде бұл еліміздегі ең ірі газ жылу стансасы. «Тұран» ГЖС басқа 4 жылу көзі: ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3, «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу стансасымен елорданы жылумен қамтамасыз етеді. Нысандардың жалпы қолжетімді қуаты сағатына 4 104 Гкал-ды құрайды, қаланың ең жоғары жылу тұтыну қажеттілігі 3 578 Гкал/сағ, бұл ағымдағы жылыту кезеңінде жылу қуатын шамамен 500 Гкал/сағ артығымен өндіруді қамтамасыз етті.

Қала әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев бүгінде «Тұран» ГЖС жұмысы толығымен автоматтандырылғанын айтты. Мамандарды даярлау оқу орталығының базасында дуалды білім беру шеңберінде жүргізіледі. Стансада неміс, орыс және фин технологиялары қолданылады. ГЖС жоғары экологиялық таза екендігі атап өтілді: азот оксиді қал­дық­тары қолданыстағы нормативтермен са­лыс­тырғанда 3–5 есе азайды. Қазіргі уақыт­та нысан Есіл және Нұра аудандарын, сон­дай-ақ шамамен 2 млн шаршы метр алаң­д­ағы әлеуметтік және өнеркәсіп нысандарын жылумен қамтамасыз етеді. Газ тарту және қаланы жылумен қамтамасыз ету жұ­мыстары жалғасады. Қаланы жылумен қам­тамасыз ету үшін 2035 жылға дейін 2028 жылдың соңына дейінгі мерзімде ЖЭО-2-де 7, 8 қазандықтарды пайдалануға беруді, «Тельман» ГЖС және «Оңтүстік-Батыс» ГЖС салуды қосқанда, жалпы қуаты сағатына 1 310 Гкал болатын бірқатар жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

пр

Олжас Бектенов халықтың белсенді өсуі және қалалық инфрақұрылымның кеңеюі жағдайында қазіргі заманғы жылумен жабдықтау көздерінің құрылысы ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Премьер-министрге елорданың LRT құрылысы бойынша негізгі көлік жоба­ларының бірін іске асыру барысы туралы 112-станса алаңында баяндалды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша эстакада, аспалы көпір және барлық стансалардың темірбетон конструкцияларының құры­лысы аяқталды. Жобаның қажеттіліктерін қамта­масыз ету үшін Астанада шпалдар өндірісі іске қосылды. Оларды дайындау үшін Б-55 маркалы бетон қолданылады, арматураның алдын ала кернеу технология­сы қолданылады, бұл тасымалдау кезінде құрылымдардың жарылып кетуіне жол бермейді және аязға төзімділігін арттырады. Бүгінде 35 мыңнан астам шпал дайындалды, жобаға барлығы 87,6 мың шпал қажет.

Қазіргі уақытта нысанда рельстер төселуд­е – ұзын­дығы 2 шақырым болатын учас­ке­де, сон­дай-ақ оптикалық талшықта жұ­мыс аяқ­тал­ды. Биыл жұмысқа 2 мыңға жуық адам жұ­­мыл­дырылды, жаз мезгілінде ны­сан­ға 5 мың­ға жуық маман тартылады.

«CTS» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев қыркүйек айында LRT-ны тесті­лік режімде іске қосу, яғни жолаушысыз по­йыздарды сынақтан өткізу жоспарланып отырғанын хабарлады. Астанадағы жеңіл рельсті көлік жобасы озық GoA4 стан­дартына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Бұл 6 айлық сынақ мерзімін талап етеді.

Сонымен қатар Премьер-министрге LRT бойындағы аумақты абаттандыру жобасы таныстырылды. Әуежайдан Рысқұлов көше­сіне дейін ірі ағаштар мен көпжылдық бұта­лар отырғызылып, автоматты суару жү­­йесін орнату жоспарланған. Қабанбай ба­тыр даңғылы бойымен Сығанақ көшесіне дейін­гі аумақ балалар және спорт алаңдары, жаяу жүр­гіншілер жолдары қоғамдық кеңістік­терге бөлінген. Әрі қарай жолаушылар ағы­ны белсенді 2-теміржол вокзалына дейін кең автотұрақтар, велосипедке арналған жолдар жасалып, көгалдандыру қарастырылған.

Олжас Бектенов депоның басқару орта­лығы аумағында құрылыс-монтаж жұмыс­тары­ның барысымен танысты. Жоба қытай­лық серіктес China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd. компаниясы­мен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Толық автоматтандырылған депо құрам­дар­ды тұраққа қоюға және жөндеуге, материал­дар мен қосалқы бөлшектерді сақтауға ар­налған 13 негізгі ғимараттан құралған. Сондай-ақ мұнда диспетчерлік пункт, бай­ланыс торабы және LRT пайдаланушы компа­нияның әкімшілік кеңсесі бар барлық қоғамдық көлік түрлерін басқаратын орталық салынып жатыр.

Депо алаңында LRT-ға арналған жылжымалы құрамды өндіруші CRRC Tangshan Co.,Ltd. зауытымен бейнебайланыс арқылы тікелей қосылым болды. Премьер-министрге LRT бойымен жолаушыларды тасымалдайтын локомотивтердің ерекшеліктері баяндалды. Барлығы 650 орынға есептелген 19 төрт секциялы құрам жұмыс істейтін болады.

Tangshan CRRC Group компаниясының басқарма төрағасы Чжоу Цзюньянь қазіргі уақытта өндірісте сағатына 350 км/сағ дейін жоғары жылдамдықты пойыздар өндірісіндегі технологиялар мен стандарттарды қолдана отырып, алғашқы екі құрамды құрастыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Жасау үдерісінде заманауи материалдар, мысалы, корпус бөлшектеріне арналған алюминий қорытпасы, серпімді дөңгелектер, жайлы жүру үшін көпқабатты терезелер, аса берік органосиликаттан жасалған былғары орындықтар сияқты заманауи материалдар қолданылады.

Құрастыру тікелей құрылыс алаңында жүргізіледі. Әр құрам 36 жоғары сапалы монитормен, 11 камерамен және пойыздарды автоматты басқару жүйелерімен жабдықталады.