
Фото: sputnik.kz
Бұл марапатты АҚШ-та «Интернет-контенттің Оскары» деп жиі атайды.
«Қазақстанда өткен Дүниежүзілік көшпелілер ойындары туралы бейнежазба «Мәдениет және өмір салты» санатында үздік қысқаметражды әлеуметтік видео ретінде сыйлыққа ұсынылды. Оған National Geographic тәрізді танымал желілер де қатысып жатыр», деп жазды «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы Telegram желісінде.
Жеңімпаз 17 сәуірге дейін созылатын дауыс беру арқылы анықталады.
Айта кетсек, былтыр 8-13 қыркүйек аралығында елордада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткен еді. Жер-жаһанның 90-ға жуық мемлекетінен келген 2500-ге тарта спортшы бір аптаға жуық көшпенді халықтардың төл спортынан сынға түсіп, 97 медаль жиынтығын сарапқа салды.