Саясат • 17 Сәуір, 2025

Тиімді серіктестік

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов CITIC Construction Co., Ltd. төрағасы Ян Цзяньцянмен кездесті. Кездесуде ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды.

Тиімді серіктестік

Сондай-ақ ұзындығы 768 шақырымды құрай­тын «Талдықорған – Өскемен» және 363 шақы­рым болатын «Қарағанды – Балқаш» автожол­дарын реконструкциялау, Сaspi Bitum жол битумын өндіру зауытын жаңғырту бойынша бірлескен жұмыстардың нәтижелері талқыланды.

Премьер-министр құрылыстың сапалы әрі уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, өзара тиімді байланысты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Өз кезегінде CITIC Construction Co., Ltd. төрағасы Ян Цзяньцян агроөнеркәсіп секторындағы қарым-қатынасты кеңейтуге және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.