Мәселе • 18 Сәуір, 2025

Төлеубұлақ петроглифтері жойылып барады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұғалжар қыратта­рының Жем өзені бас­тау алатын тұсында ежелгі адамдар пет­роглифтері сақ­талған Төлеубұлақ үңгірі бар. Қазір ол жер құм арасындағы елсізде, қорғаусыз жа­тыр.

Төлеубұлақ петроглифтері жойылып барады

1998–2000 жылдары палеолит ке­зеңін зерттеген қазақ-орыс біріккен ғылыми экспедициясы Мұғалжар тауларынан алғашқы адамдар­дың алпыстан астам тұрағын тапса, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты ғалымдары Мұғалжар тауынан ерте қола дәуірі металлургтері мыс өндіріп, байытқан сегіз кеніш орнын анықтады. Олардың ең ірісі – Таранғұл қонысы.

а

Төлеубұлақты ерекше қорға­ла­тын ескерткіштер тізіміне енгізбесе, бі­рер жылдан соң жоғал­тып алуымыз ықтимал. Қыс­тың аязды-боран­ды күндері, жаздың аптап ыстығы, күшті жел алғашқы адамдардың қоны­сын жоюға жақындаса, қазіргі табиғат бүлдірушілер де олардан кем түсіп жатқан жоқ. Алғашқы адамдар өмір сүрген уақытта Мұғалжар тауының тасты-қы­ратты, кварцқа бай сусымалы құм­дары тіршілікке қолайлы еді.

пр

Ақтөбе жеріне алғашқы адамдар біздің заманымызға дейінгі 500-350 мың жыл бұрын ерте палеолит кезеңінде қоныстана бастаған. Алайда елімізде ежелгі адамдардың аманатын сақтау өте өзекті мәселеге айналды. Археологтер бір обаны зерттеп жатса, ашылған он ескерткіш тонауға түседі. Елімізден тас ғасыры адам­дарының сүйек қалдықтары та­былған жоқ. Соған қарамастан қазақ-жапон, қазақ-орыс, қазақ-неміс ға­лым­дарының қатысуымен палео­лит дәуі­ріне қатысты еліміз аумағынан­ ­80 ежелгі үңгір зерттелді.

 

Ақтөбе облысы