
Фото: Oqu-agartu ministrligi
110 елден келген 50 мыңнан астам жас инженер мен өнертапқыштарды біріктірген биылғы чемпионат маусымының тақырыбы – суасты әлемін зерттеу және қорғау. Биыл Қазақстан аталған байқауға бұрын-соңды болмаған ауқымда – бірден 7 командамен қатысып отыр.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионаты – Almaty Tech Cup нәтижесінде іріктелді. Ел атынан қатысып жатқан командалар: Atlantis – «Сатурн» мектебі, Павлодар қаласы; PID – Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы қаласы; Cristabol – Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы қаласы; Skillset – «Skillset» мектебі, Астана қаласы; JelToqSun және Rasslexx – «Мұрагер» мектебі, Қарағанды қаласы.