
Фото: Shutterstock
Белгілі болғандай, жанжалға қатысушылардың барлығы Жаңаөзен қаласындағы «Білім-инновация» лицейінің оқушылары. Кейбір деректерге қарағанда, оқушының шетелдік жоғары оқу орнынан грант ұтып алуы бұзақылық әрекеттерге түрткі болуы мүмкін.
Дәрігерлердің айтуынша, әкесі мен ұлы қазіргі таңда ауруханада жатыр, олардың жағдайлары бірқалыпты, өмірлеріне қауіп жоқ.
Оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, барлық қатысушылардың тұлғасы анықталған. Олар ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілген.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, зардап шеккен оқушыға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.