18 Сәуір, 2025

Көкшетауда егде адамдар иогамен айналысады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы жастары жер ортасынан асқан егде адамдар йогамен айналысуда. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы үйірмелерге 700-ден астам адам қатысады. Олардың 400-і йогаға, хореография мен фитнеске барады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетауда егде адамдар иогамен айналысады

Фото: Ашық дереккөз

Көкшетау қаласының тұрғыны Қағира Рахимова елу жылға жуық білім беру саласында еңбек еткен екен. Орталық ашылған күннен бастап бірнеше үйірмеге қатысып жүр.

«Үйде отырып қалсақ, жалқауланып кетеміз ғой, аз қозғаламыз. Ал, жаттығу жасап тұрмасақ серпіліс қайдан болсын?», дейді ол.

Жаңа орталыққа келушілер саны күн  сайын көбейіп келеді. Қарттардың көңілін көтеріп, денсаулықтарын нығайтуға барлық жағдай жасалған. Үйірменің 11 түрі бар.

«Бұрын үйде жай жаттығу жасаушы едім, мына жерде тамаша екен. Мемлекеттің қамқорлығына мың да бір алғыс», дейді Застанционный кентінің тұрғыны Роза Қожахметова.

Қазір Көкшетау қаласында отыз мыңға жуық зейнеткер бар. Белсенді өмір сүру орталығы күніне 150 адамды қабылдайды.