Ғалам ғажаптары • 19 Сәуір, 2025

Алтын аспаннан жауады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әдетте үйде не мұражайда тұра­тын жүзік, сырға, түрлі әшекейлер – жай ғана жер қойнауындағы кен емес. Бұлар – ға­­рыштағы екі нейтрон жұл­ды­зы­ның соқтығысуынан пайда болған металл.

Алтын аспаннан жауады

Алып жұлдыздардың жойылып кеткеннен кейінгі қалдығы нейтрон жұлдызы деп аталады. Ол кішкентай болса да, өте ауыр. Егер осындай екі нейтрон жұлдызы бір-біріне жақындап, соқтығысатын болса, аспанда нағыз жарылыс болады. Ғалымдар бұл құбылысты «кило-нова» деп атайды. Соқтығыс кезінде алтын, платина, уран, күміс сияқты бағалы ауыр металдар түзі­леді. Олардың бір бөлігі жұлдыздың ішінде қалып, қалғаны ғарышқа шашырап кете­ді. Ға­лым­дардың есебінше, бір соқты­ғыс­тан Жердің массасынан он есе көп алтын пайда болады.