Спорт • 19 Сәуір, 2025

Сәкен Бибосынов Ресейдегі турнирде чемпион атанды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан бокстан Константин Коротковты еске алуға арналған турнирде Сәкен Бибосынов (54 келі) чемпион атанды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Сәкен Бибосынов Ресейдегі турнирде чемпион атанды

Қазақстандық боксшы финалда ресейлік Денис Палшинмен қолғап түйістірді. Нәтижесінде ол қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, аталған турнирдің чемпионы болды.

Сәкен Бибосынов 1992 жылы дүниеге келген. Әлем чемпионатында 2021 жылы алтын алса, 2019 жылы қола жүлдегер болды. 2020 жылы Токио Олимпиадасында үздік үштіктен көрінді.

Сәкен жарақат салдарынан біршама уақыт бокстан қол үзіп алған еді. Соған қарамастан турнир барысында жанкүйер көңілінен шығатын деңгейде жекпе-жек көрсетіп жатыр.

Енді ел құрамасынан Сағындық Тоғамбай (92 келі) Сергей Слободян, Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) ресейлік Орудж Мамедовпен шаршы алаңға шығады.

https://kaz.inform.kz/news/saken-bibosinov-reseydeg-turnirde-chempion-atandi-abe4bf/