
Жөндеу жұмыстары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үшінші Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына орай жүзеге асты.
Бүгін аталмыш мекеменің модернизациядан кейінгі ашылу салтанаты өтіп, жиынға зиялы қауым өкілдері қатысты. Салтанатты іс-шарада белгілі жазушы Сәуле Досжан, Қазақстан Ұлттық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайберген, ақын, аудармашы, журналист Мақпал Мыса ақжарма тілектерін айтып, оқырман қауымды құттықтады.
«Кітапхана – білім мен ізденістің, тарих пен жаңашылдықтың тоғысатын орны. Сондықтан, мұндай мекемелерді жаңарту жұмыстары алдағы уақытта өңірдің өзге аудандарында да жалғасын табады. Биыл облыстағы үш кітапхана заманға сай күрделі жөндеуден өтпек. Мұндай игі бастамалар барша оқырманға жаңа серпіліс беріп, ел Президенті атап өткендей, «Нағыз оқитын ұлтқа» айналуымызға жол ашарына сенімдімін», деді Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиев.