
Фото: istockphoto.com/ru
Атмосфералық фронттардың өтуімен елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады. Жаңбыр, найзағай, түнде солтүстікте, шығыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын болады деп болжанып отыр.
«Тек Ақтөбе, Қызылорда облыстарында антициклон сілемінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады», делінген синоптиктер болжамында.
24 сәуірде Солтүстік Қазақстан, Павлодар қаласында 3 градусқа дейін, 22 сәуірде Қарағанды облысында 1 градусқа дейін, 22-23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысында 1-8 аязға дейін, 24 сәуірде Ақмола, Қостанай облыстарында 1-3 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді.