Аймақтар • 22 Сәуір, 2025

Вокзалдарға күрделі жөндеу жүргізіледі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында елімізде әбден тозған 125 теміржол вокзалына күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Олардың қатарында Ақтөбе облысындағы Алға, Ақтөбе, Ембі, Қандыағаш, Жем, Қарауылкелді, Шұбарқұдық вокзалдары да бар.

Вокзалдарға күрделі жөндеу жүргізіледі

Сурет: w512.ru

Бұл жөнінде Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев Ақтөбе об­лысының тұрғындарымен кез­­­десуінде мәлім етті. Вице-министр былтыр елімізде темір­жолдағы жолаушылар тасымалы 7%-ға өскенін, соған қарамастан пойыз вагондарының ескіруі, билет тапшылығы жойылмай келе жатқандығын да айтып өтті. Көлік министрлігі тарапынан қолданылып жатқан іс-шара – биылғы жаз маусымында қосымша 21 вагон қосылады.

«Қазіргі қолданыстағы жолау­шылар вагондарының 42%-ы­ ескірген. Жасыратыны жоқ, 30-40 жыл бұрын шыққан вагондар әлі жолда жүр. Осы олқылықты жою мақсатында кезең-кезеңімен жаңалау жұмыстары жоспарға енгізілді. «ҚТЖ» ҰК былтыр 143 вагон сатып алса, биыл 226 вагон алуды жоспарлап отыр. Астана, Петропавл қалаларында вагон құрастыру зауыты іске қосылды. Петропавл зауыты ал­ғаш­қы вагондарын осы жылдың соңында «Алматы – Саратов» по­йы­зына тіркесе, Астанадағы өндіріс келесі жылы «Алматы – Атырау», «Алматы – Ақтөбе» по­йыздарына қосады деген жоспар бар», деді С.Аблалиев.

Айта кету керек, 2030 жылға дейін елімізде жолаушылар пойызы вагондарының 80%-ы жаңаланады.

 

Ақтөбе облысы