Әлем • 22 Сәуір, 2025

Гарвард университеті Дональд Трампты сотқа берді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гарвард дүйсенбі күні АҚШ-тың федералды сотына Дональд Трамп әкімшілігіне қарсы шағым түсірді. Әкімшілік университетке бөлінетін 2 миллиард доллардан астам қаржыны тоқтатып қойған, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Гарвард университеті Дональд Трампты сотқа берді

Өткен аптада Гарвард университеті Дональд Трамп әкімшілігінің барлық DEI (әртүрлілік, теңдік және инклюзивтік) саясатына қатысты бағдарламаларды тоқтату және кампус аумағында маска тағуға тыйым салу туралы талаптарын қабылдамай тастаған болатын.

Соның салдарынан билік өкілдері Гарвардқа бұрын бөлінген 9 миллиард доллардың ішінен 2,2 миллиардын қысқартып тастап, университетті салық жеңілдіктерінен және шетелдік студенттерді қабылдау мүмкіндігінен айырумен қорқытты.

Дональд Трамп президенттік қызметін бастағалы бері білім беру саласындағы солшыл идеология мен антисемитизмге қарсы күресіп келеді. Ол Газадағы қақтығыс басталғаннан кейін күшейген студенттік кампустардағы жаппай анти-израильдік наразылықтарды осындай тенденциялардың көрінісі деп санайды.

Ұқсас талаптар мен қаржылық тоқтатулар Принстон мен Колумбия университеттері секілді басқа да жоғары оқу орындарына бағытталған. Алайда Гарвард – бұл әрекеттерге алғашқылардың бірі болып сот арқылы жауап қатқан оқу орны.

Айта кетейік, Гарвард – федералды үкіметке бағынбай қойған алғашқы университет. Қазір ол 2,2 миллиард доллар көлеміндегі грант қаржысының тоқтатылу қаупімен бетпе-бет келіп отыр.