АСТАНА. 5 мамыр. Ақтауда жүріп бара жатқан көліктің артқы есігінен сәби құлап кетті. Бұл туралы lada.kz хабарлады.
Аталған келеңсіздік туралы бейнежазба YouTube-те жарияланды. Бұл оқиға артта келе жатқан автокөліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған.
Бейнежазбада «Ақтау» сауда-ойын сауық кешені маңындағы көше қиылысында келе жатқан көліктен кішкентай баланың құлап түскені анық көрінеді. Көлік кілт тоқтап, ішінен ер адам мен әйел жүгіріп шығады. Олар жолда жатқан баланы көтеріп алып, жөндеріне кеткен.
Қазіргі таңда сәбидің денсаулығы жөнінде нақты деректер жоқ. Естеріңізде болса, елімізде 2015 жылы жаңартылған Жол жүру ережесі күшіне енген болатын. Заңдағы өзгерістерге сәйкес, жүргізушілер 12 жасқа дейінгі балаларды арнайы құралдар – қауіпсіздік белдігі немесе автоорындықтармен ғана тасымалдауға міндетті.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: lada.kz.
• 05 Мамыр, 2015
Ақтауда жүріп бара жатқан көліктен сәби құлап кетті (видео)

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше