
Фото: ашық дереккөз
Ол Су кодексінің баптарына және Үкіметтің 2004 жылғы қаулысына сәйкес, ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілері тізіміне Каспий теңізі, Балқаш, Зайсан, Алакөл көлдері мен Ертіс өзені енгізілгенін, алайда бұған Жайық өзені кірмегендігін айтып өтті.
«2023 жылғы мамыр айында жолдаған депутаттық сауалыма жауап ретінде Премьер-Министр гидрогеологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша бұл мәселе қайта қаралатынын мәлімдеген болатын. Қазір зерттеулер аяқталды, 51 миллион теңгеден астам мемлекеттік қаражат жұмсалды. Алайда мәселе әлі де шешімін тапқан жоқ. Сонымен қатар, 2021-2024 жылдарға арналған Қазақстан-Ресей Жайық экожүйесін қалпына келтіру бағдарламасының мерзімі аяқталғанымен, жаңа бағдарлама әлі бекітілмеді. Бұл жағдай өңірдегі су қауіпсіздігі дағдарысының ушығуымен қатар келіп отыр», деді шенеунік.
Бұл мәселеге жұртшылық алаңдап отыр. Өйткені депутаттың айтуынша, өнеркәсіпте суды қайталама айналымға енгізу жүйесінің болмауы, су қоймаларының келісілмей салынуы, ластану деңгейінің артуы және экожүйенің бұзылуы түйткілді түйін болып тұр.
Осыған байлансты Д. Тұрғанов төмендегі ұсыныстарды жеткізді:
- Жайық өзенін ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілері тізбесіне енгізу туралы мәселені шұғыл түрде қайта қарап, тиісті шешім қабылдау.
- Жайық экожүйесін қалпына келтіру жөніндегі жаңа кешенді Қазақстан-Ресей бағдарламасын әзірлеп, бекіту.
- Жайық өзені бойындағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың су пайдалануына мемлекеттік бақылауды күшейту.
- Жайық өзені алабында келісілмеген жасанды су қоймасын салуға қатаң тыйым салу.