Фото: Видеодан алынған кадр
Астана қалалық полиция департаменті жол-көлік оқиғасының болғанын растады. Ресми мәліметке сәйкес, Nissan маркалы көліктің жүргізушісі ауа райының қолайсыздығынан көлікті басқара алмай қалған.
Апат салдарынан көліктегі жолаушы жарақат алып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тексеріс жүргізіп жатыр.