
Ең көп өтініш беруші – Алматы, Астана және Түркістан облыстарының тұрғындары. Ұлытау, Павлодар және Атырау облыстарында белсенділік төмен. Қалдырылған өтінім бойынша жұмыс сапасыз атқарылған жағдайда, платформада шағым беру функциясы бар. Чат-бот іске қосылғаннан бері 527 шағым түсті, олардың көпшілігі аумақтардағы тазалық жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуіне, қоқыстарды уақтылы шығармау мен жолдардың нашар жай-күйіне қатысты.
Платформа еліміздің тұрғындарына әртүрлі экологиялық мәселелер бойынша өтініш пен шағым берудің қарапайым да ыңғайлы тетігін ұсынады. Өтінімді жіберу үшін авторизациядан өту, фотосуретті тіркеу, мекенжайды көрсету және мәселені қысқаша сипаттау қажет. Артынша өтінім автоматты түрде тиісті жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі. Орындаушылар жұмыс аяқталғаннан кейін фотоесепті тіркеуге міндетті. Ал оны жолдаған азамат орындалу барысы туралы хабарлама алып, көрсетілген қызметтің сапасын бағалай алады.
@TazaQazBot чат-боты арқылы экологиялық үдерістердің ашықтығы, жеделдігі бақыланады және азаматтар да осы мәселелерді шешуге атсалыса алады. Бұл қоршаған ортаның ластануына және экологиялық нормаларды бұзуға «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.