
Бүгін Қарағанды қаласының «Алаш» саябағында жүзден астам ағаш егілді. Еріктілер, жас белсенділер, қалалық мәслихат депутаттары, бизнес-қоғамдастық өкілдері, қоғам қайраткерлері мен коммуналдық сала қызметкерлері қатысты.
– «Алаш» саябағы – қаланың маңызды қоғамдық кеңістіктерінің бірі, осындай бастамалардың арқасында ол жайлы әрі көгалданып келеді. Экологияны қолдау – біздің ортақ міндетіміз, – дейді қалалық мәслихат депутаты Нұрлан Әубәкіров.
Қарағанды қаласының кәсіпкерлер қауымдастығының басшысы Серік Санаубаев мұндай акциялар қоршаған ортаға жауапкершілікті қалыптастыратынына сенімді.
Саранда үш мыңнан астам оқушы білім беру аллеясы мен мектеп жанындағы аумақтарды абаттандыруға шықты. Алдымен қоқыс, ескі жапырақтар мен бұтақтар жиналып, петуниялар мен 600-ге жуық қайың көшеттері егілді.
Акцияның жас қатысушылары көгалдандыруға арналған гүл көшеттерін мектеп жылыжайында өздері өсірген. №17 мектеп-гимназиясының оқушылары өз еңбектерінің жемісін көрсетті.
Ал Абай атындағы мектептің оқушылары «Қысқы бақ» үйірмесінің қызметі туралы әңгімелеп, гидропоника – топырақсыз өсімдіктерді өсірудің заманауи әдісі саласындағы білімдерімен бөлісті.
Қарағанды тұрғындары аулаларын көгалдандыруда. Енді Орталық мәдениет және демалыс саябағында алма бағы болады. Мұнда бес мың көшет егіліп жатыр.
Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында ағаш, бұта және гүл көшеттері егіледі.
Қарағанды облысы