
Фото: Астана қаласының әкімдігі
Диагоналі 65 метрді құрайтын алып инсталляция 53 мың пиксельден тұрады және түнгі қала келбетіне көрік беріп, алыстан анық көрінеді. Абайдың бейнесі Сарыарқа мен Тұран даңғылдарынан, сондай-ақ Қорғалжын тас жолы жағынан көзге түседі.
Бұл бастама ұлы тұлғаның рухани мұрасын ұлықтауға бағытталған. Жоба авторлары инсталляцияны одан әрі толықтырып, шолу дөңгелегі арқылы Абай Құнанбайұлының қанатты сөздері мен өлең жолдарын жариялауды жоспарлап отыр.