Қоғам • 23 Сәуір, 2025

Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жемқорлық мәселесі бүгінде өзекті тақырыптардың бірі. Онымен күрес күн тәртібінен түскен емес. Ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиян тигізетін бұл дертпенкүрес халық алдында тұрған ортақ мәселе.

Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық қазіргі таңда кез келген ортада табылады. Біз оны кейде байқамай да қалуымыз мүмкін. Өйткені кейбір әрекеттер үйреншікті, қалыпты жағдайға айналып кеткен. Мәселен, баланың аман-есен дүниеге келуі үшін дәрігерге ақша ұстата қою, оқу орнында жоғары баға үшін ұстаздың көңілін көтеріп қою, жол ережесіндегі өрескел тәртіп бұзушылыққа полицейдің көз жұма салуына жағдай жасай салу деген сияқты күнделікті өмірдегі әрекеттер қалыпты жағдайға айналған. Онымен қанша күресеміз десек те, қоғамның санасын өзгерту оңай болмай тұр. Бұл бір қоғамның әбден қанына сіңіп кеткен дерт сияқты. Бұл әрине ар мен намыстың, әділдіктің мәселесі. Осы ретте ең әуелі халықтың рухани бай болуына, адам құндылықтарын бірінші кезекке қоюға баулу керек-ті. Оның барлығы әрине тәрбиемен байланысты. Ал тәрбие – тал бесіктен.  Оны жеңу керек болса, ол әр отбасыда, бала тәрбиесінде ескерілуі керек. Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Үйде мұндай тәрбиелік түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген жағдайда да ата-ана баласына дұрыс үлгі көрсете білсе болғаны. Мұндайда бала өсе келе әрине жат қылыққа бармайды, ненің дұрыс, ненің бұрыс бағытқа апарарын бағамдай біледі.

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылыпжатқаны рас. Десе де халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізбей қоймайды. Олардың беделіне нұқсан келтіруі сөзсіз. Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбіразамат мемлекет ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі.

 

Д.ШАУКЕТ

ҚР Сот әкімшілігі Әскери

соты департаментінің

аға сот приставы