Байқау • 24 Сәуір, 2025

Сараевоға сайысқа барады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде «Шырқа, менің сырнайым» атты байқау өтті. Оған Қазанғап атындағы саз өнер мектебі, қаладағы үш музыка мектебі, А.Жұбанов атындағы музыка колледжі мен гуманитарлық колледж студенттері қатысты. Үздік шыққандар Атырауда өтетін «Еуразия кубогі» ІІІ халықаралық баян және аккордеон­шылар байқауына қатысып, одан іріктелген жасөспірімдер тобындағылар жазда Босния мен Герцеговина астанасы Сараево қаласында өтетін 78-халықаралық байқауға барады.

Сараевоға сайысқа барады

А.Жұбанов атындағы музыка колледжінде баян және аккордеон сыныбында 12 студент дәріс алса, олардың арасында 3-курс студенті, Пре­зидент стипен­диясының ие­гері Жаннұр Жұмабайқызы мен Нұржан Маймақов ха­лықаралық байқау­ларға қа­тысып, үздік өнерімен танылып жүр.

Айта кету керек, өңірде жылма-жыл баян мен аккордеон аспаптарын меңгеруге ықы­ласты балалар көбейіп келеді.

«Баян және аккордеон­шылар байқауы жыл сайын әр мемлекетте өтеді. Былтыр Италияда өткен 77-байқауға студентіміз Нұржан Маймақов қатысып, 9-орын алды. Биыл ол Босния мен Герцеговина астанасында өтетін 78-халықаралық байқауға барады. Сондықтан да баян және аккордеоншылар байқауларына барып, білім алмасып, тәжірибе жинау өте маңызды», дейді А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің оқытушысы Ақгүл Әбішова.

Іс-шарадан соң П.И.Чай­ковский атындағы Алматы музыка колледжінің оқытушысы Диас Елемес Ақтөбедегі балалар музыка мектептері мен колледж студенттері алдында шеберлік сабағын өткізді.

 

Ақтөбе облысы