Өнер • 25 Сәуір, 2025

Дубайды дүбірлетті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Бірік­кен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласына гастрольдік сапармен барды.

Дубайды дүбірлетті

Өнер ұжымы халықаралық «InClassica International Music Festival» жобасы аясында беделді «Zabeel Theater» сахнасында классикалық музыка концерттерінің негізгі оркестрі ретінде өнер көрсетті.

Мәдени іс-шараға Қазақ мемле­кеттік симфониялық оркестрі­мен бірге Қазақстанның Еңбек Ері әйгілі скрипкашы Айман Мұсақо­жаева да қатысты.

Гастрольдік сапар еліміздің әлем­дік арена­дағы мәдени имиджін нығайтып, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дипло­матиялық байланысты күшейту мақса­тында ұйымдастырылып отыр.

«InClassica International Music Festival» музыкалық фестивалі – халықаралық жоғары деңгейдегі беделді жоба. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен оркестрлер қатысып, клас­сикалық музыканың үздік әртіс­терімен бір сахнада өнер көрсетеді.

Айта кетейік, өнер ұжымы бұған дейін Мәдениет және ақпарат министр­лігінің қолдауымен Англия, Франция, Чехия, Италия, Германия, Аустрия, Ресей, Оңтүстік Корея, Түркия, Жапония елдерінің үздік концерттік залдарында өнер көрсеткен болатын. Сондай-ақ оркестр классикалық музыкаға арналған көптеген халықаралық фестивальге қатысып келеді. Осы уақыт аралы­ғында симфониялық оркестр еліміз бен шетелдерде көрерменнің ыстық ықы­ласына бөленіп, кәсіби мамандардың жоғары бағасына ие болып жүр.

 

Маржан ҚУАТҚЫЗЫ