
Фото: Ашық дереккөз
Бұл қаржы 11 нысанның – фельдшерлік-акушерлік пункттер, медициналық пункттер және дәрігерлік амбулаториялар құрылысына жұмсалады.
2025 жылы фельдшерлік-акушерлік пункттер:
- Ырғыз ауданының Нұра ауылында;
- Байғанин ауданының Ноғайты ауылында бой көтермек.
Медициналық пункттер:
- Шалқар ауданының Шоқысу;
- Сарысай, Тоғыз ауылдарында;
- Мұғалжар ауданының Жарық ауылында;
- Қобда ауданының Бегалы ауылында;
- Ырғыз ауданының Жарма ауылында салынатын болады.
Ал дәрігерлік амбулаториялар: Мұғалжар ауданының Қайыңды, Мұғалжар ауылдарында және Алға ауданының Маржанбұлақ ауылында ашылады.
Айта кетейік, жаңа нысандар тәулігіне 25-45 келушіге қызмет көрсетуге есептелген. Бұл – шалғай елді мекендердегі халықтың сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметке қол жеткізу мүмкіндігін едәуір арттырады.