
Фото: Ашық дереккөз
Жоспарға сәйкес, рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады.
Екі ел арасындағы әуе қатынасының кеңейтілуі азаматтар үшін қолайлы әрі тиімді халықаралық бағыттардың артуына жол ашады.
«Қазақстан мен БАӘ арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек», деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Air Arabia Abu Dhabi – Таяу Шығыстағы жетекші лоукостерлердің бірі болып саналатын Air Arabia компаниясының еншілес кәсіпорны.