
Фото: Ашық дереккөз
Маңғыстау өңіріне жұмыс сапарымен барған көлік министрі Марат Қарабаев Маңғыстау теміржол вокзалындағы жұмыстарды тексеріп, қайта жаңару жұмыстары аясында жаңа ғимарат салынатынын мәлімдеді.
«Маңғыстау теміржол вокзалының аумағы 10 есе артады. Қайта жаңарту жұмыстары аясында заманауи үлгідегі жаңа ғимарат бой көтереді. Ғимарат үш қабаттан тұрады. Ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасауға баса назар аудардық. Ғимарат ауданының айтарлықтай артуына байланысты арнайы ана мен бала бөлмелерін, заманауи күту залдарын, эсколаторлар мен траволаторларды орнатуды қарастырдық. Жолаушылар ағыны мен саны артып, туризм де дами түспек», деді Марат Қарабаев.
Сонымен қатар Шетпе вокзалының ауданы 5 есе, ал Бейнеу вокзалының ауданы 10 есе артатыны хабарланды. Сондай-ақ биыл мамандар 404 шақырымдық Бейнеу-Маңғыстау теміржолын жаңартады. Пойыз қозғаласын реттейтін жүйе (автоблокировка) Шалқар-Бейнеу және Маңғыстау-Өзен теміржолдарында орнатылады.