Аймақтар • 25 Сәуір, 2025

Қостанай облысының әкіміне қауіп төнгені рас па

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде Қостанай облысының әкіміне қауіп төніп тұрғаны туралы видео тараған еді. Осыған орай облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай облысының әкіміне қауіп төнгені рас па

Мәлімдемеде аталған видеоның жасанды интеллект көмегімен жасалғаны айтылды.

«Бұл видеоға қатысты Қостанай облысы әкімдігі құқық қорғау органдарына ресми түрде өтініш жолдады. Жалған ақпаратты таратушылар анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Азаматтарға мұндай әрекеттері үшін заң алдында жауап беретінін ескертеміз және ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге шақырамыз», делінген  хабарламада.