Төтенше жағдай • 27 Сәуір, 2025

Алматыда түнде қонақүй өртенді: өрт сөндірушілер 100 адамды эвакуациялады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 сәуірге қараған түні Алматыдағы қонақүйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда түнде қонақүй өртенді: өрт сөндірушілер 100 адамды эвакуациялады

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, өрт Бостандық ауданындағы қонақүй бөлмелерінің бірінде тұтанған.

– Өрт сөндірушілер шақыру түскен сәттен бастап 35 минут ішінде өртті сөндірді. Нақты деректерге сәйкес, Бостандық ауданындағы Манас көшесінде орналасқан төрт қабатты қонақүйдің жатақханаға бейімделген бірінші қабатындағы бөлмеден өрт шыққан, – делінген хабарламада.

ТЖМ күштері баспалдақпен 100 адам эвакуациялағаны белгілі болды.