Үкімет • 29 Сәуір, 2025

ҚХА-ның даму тұжырымдамасын әзірлеу – басым бағыт

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының биылғы 24 сәуірде өткен сессиясында Президент жүктеген тапсырмаларды орындау мәселелеріне қатысты жиын өтті.

ҚХА-ның даму тұжырымдамасын әзірлеу – басым бағыт

Ерлан Қарин Мемлекет бас­шы­сының Ассамблея жұмысын қорытындылап қана қоймай, жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға қатысты нақты тапсырмалар бергенін айтты.

Мемлекеттік кеңесші Ассам­блеяның этносаралық қатынастар саласындағы маңызды институт ретінде ерекше рөл атқаратынына тоқталды. Сондай-ақ тиісті органдар басшыларына Президент тапсырмаларын тиімді орындау мақсатында қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. Осы орайда ҚХА-ның 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын әзірлеу басым бағыттың бірі екенін тілге тиек етті.

Ерлан Қарин жиынды қоры­­тындылап, Мемлекет басшы­сының Қазақстан халқы Ассам­­блеясы сессиясында берген тапсыр­маларының орындалуы Президент Әкімшілігінің ұдайы бақылауында болатынына назар аударды.