
Фотолар: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Күн сайын патрульдік қызмет атқарып жүрген 50 әскери қызметшінің басты міндеті – су басқан аумақтарға рұқсатсыз адамдардың кіруіне жол бермеу, төтенше оқиғалар кезінде жедел әрекет ету. Ұландықтар қоғамдық тәртіпті сақтау барысында жергілікті билік өкілдерімен және ТЖ қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр.
Еске салайық, 24 сәуірден бері Ұлттық ұлан Академиясының 800-ден астам курсанты мен 6637 бөлімінің 400-ге жуық әскери қызметшісі СҚО-да 200 мыңнан астам қапшық дайындады, салынған бөгеттің жалпы ұзындығы 2 шақырымнан асып отыр.
Сондай-ақ, Есіл өзенінің тасуы салдарынан бұзылған Большая Малышка ауылы маңындағы бөгетті 6637 әскери бөлімінің күштері, нақты атағанда 100-ден астам әскери қызметкері бекіту жұмыстарын жүргізді. Аталған жұмыстар тәулік бойы үздіксіз атқарылып, жағдай өзгерген сайын жедел әрекет-қимылдары жүргізіліп отырды.
Сонымен қатар, табиғи апаттың алдын алу үшін 500-ден астам инертті материал салынған қаптар дайындалды.
Әскерилер бүгін де тәулік бойы қызмет атқарады. Олар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, су басқан аумақтардағы мүлікті күзетіп жүр.