Қоғам • 29 Сәуір, 2025

Мүгедектерге нысандарға кедергісіз кіруге жағдай жасалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 829 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді. Бұл көрсеткіш 2024 жылға жоспарланған 447 нысаннан асып түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мүгедектерге нысандарға кедергісіз кіруге жағдай жасалды

Бейімделген нысандардың қатарында 137 денсаулық сақтау, 425 білім беру, 91 мәдениет, 106 мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар, 25 спорт, 11 әлеуметтік қорғау, 10 сауда және қызмет көрсету орындары және 2 көлік инфрақұрылымы нысаны бар.

Инклюзивті саясатты дамыту үшін ел көлемінде 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама, «Аmanat» партиясының жол картасы және «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда. 2023-2027 жылдар аралығында интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген 42 мыңнан астам нысанды бейімдеу көзделген, оның ішінде жыл сайын 20%-дан бейімделіп отыру тиіс. Қазіргі таңда республика бойынша 22 980 нысан толық бейімделді.

Талдықорған тұрғыны, бірінші топтағы мүгедектігі бар Вадим Друзиннің айтуынша, азаматтардың өтінішінен кейін бірқатар ғимараттарда қолжетімділік айтарлықтай жақсарған.

Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің облыстық департаменті әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына тексерулер жүргізуде. Биылғы жылы 10 тексеру өткізіліп, 6 ұйғарым мен 8 әкімшілік айыппұл салынды. Алғаш анықталған бұзушылықтар бойынша айыппұл салынбай, алдымен ескерту жасалатыны да атап өтілді.