
Фото Depositphotos.com
Оқиға орнына ондаған құтқарушылар мен өрт сөндірушілер келді. Өрт сөндірілді, қазір оқиға орнында үйінділерді тазалау жұмыстары аяқталып жатыр.
Қайғылы оқиғаның себептері әзірге ресми түрде анықталмағанымен, билік тергеу жүргізуге уәде берді.
Қытай төрағасы Си Цзиньпин бұл оқиғаны алаңдатарлық белгі деп атап, зардап шеккендерге көмек көрсетуді, сондай-ақ кінәлілерді анықтап, жауапқа тартуды тапсырды. Өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қатаң қадағалау қажеттігін еске салды.